Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Қарымды қаламгер және ұшқынды әзіл иесі» сұхбаттасу кеші

   Бүгін кітапхана облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында «Қарымды қаламгер және ұшқынды әзіл иесі» тақырыбында Қазақстан Жазушылар және Журналисттер Одақтарының  мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», Мәдениет және ақпарат министрінің екі мәрте, Жамбыл облысы әкімінің үш мәрте «Құрмет» грамоталарының иегері, белгілі қаламгер, сатирик және балалар ақыны Бақытжан Советұлымен сұхбаттасу кешін ұйымдастырды.

   Аталмыш кеш жоба аясындағы Бақытжан Советұлының шығармашылығын насихаттау айлығының ашылуын белгілеп, сатириктің шығармаларын Әулиеата жұртшылығына терең таныстыруға бағытталған.

   Өмірдің қиын сәттері мен көңіл толмайтын кездерін ащы сатирамен түйрей жөнелетін Бақытжан Әлімқұловтың ғибратқа толы өмірлік және шығармашылық жолдары туралы жергілікті зиялы қауым өкілдері мен жазушының қаламдас әріптестері, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, журналист Ғайни Әлімбекқызы, ақын, жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет, патриот ақын және сазгер Қасқырбай Нарбатыр, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Құрметті журналисі, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Асқарбек Сейлханов, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Оралхан Дәуіт, айтыскер-ақын, журналист Есет Досалы қатысып, ақынның сатираға құштар көңіліне тоқталып, кемелдікке толы өлеңдері жайлы сыр шертті.

   Кеш барысында кітапхана қызметкерлері сатириктің шығармасынан көрініс көсетіп, поэзиясынан жыр төкті.

Яндекс.Метрика