Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Рейхстагқа ту тіккен Батыр» ерлікке тағзым

   Кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің  85395 әскери бөлімінде Тараз өңірлік университетінің студенттері мен сарбаздардың қатысуымен  халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жыл толуына орай «Рейхстагқа ту тіккен Батыр» ерлікке тағзым кешін өткізді.

   Кеш барысында сұрапыл соғыста ерліктің үлгісін көрсетіп, рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың ерлік істері,  өмірбаяны, балалық шағы, әскердегі кезі, майдандағы түрлі қозғалыстары, естеліктері жайлы ақпараттармен кітапхана қызметкерлері бөлісіп, арнайы батырдың ерлігі туралы кітап көрмесін көпшілік оқырман назарына ұсынды.

 

 

Яндекс.Метрика