Кітапхана 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау - ерге серт!» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.
Көрмеге Қазақстан қарулы күштерінің тарихы, Тәуелсіздік жылдарындағы Қарулы Күштерінің құрылуы туралы және қазіргі жағдайы, патриоттық рухта тәрбие беру тақырыбында кітаптар қойылды.