Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Аңыз тұлға - абыз тұлға» еске алу кеші

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ерен еңбектің үлгісін көрсеткен, өмір жолы мен еңбегін оқырмандар, өңір тұрғындары арасында насихаттау, өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке баулу мақсатында Жамбыл журналистикасында өзіндік орны бар тұлға, жиырма жыл бойы бүгінгі өңірлік «Aq jol» газетінің бас редакторы болып абыройлы қызмет атқарған,  Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, сүйегіне сөз сіңген белгілі журналист, сөз зергері, бірнеше буын тілшіні тәрбиелеген журналистика саласының ардагері, қоғам қайраткері Баттал Жаңабаевтың 95 жылдығына арналған «Аңыз тұлға - абыз тұлға» еске алу кешін өткізді.

     Еске алу кешіне көнекөз замандастары, шәкірттері мен ізбасарлары, Қазақстан Республикасы журналистикасының қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыс ардагерлеріне арналған «Ғұмыр-Дария» газетінің директоры бас редакторы Жаңабай Миллионов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер журналист Бекет Момынқұл, «Жалын» баспасының жабық бәйгесінің жүлдегері, «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы,  журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Тараз қалалық Ардагерлер Кеңесінің жауапты хатшысы Сауран Жаңабаев, Ақын, облыстық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, облыстық Ақ Жол газетінің аға тілшісі Есет Досалы қатысып, қаламгердің Қазақ журналистикасына өлшеусіз сіңірген еңбегі, дара тұлғаның ұстаздығы мен тәлімгерлігі, шығармашылық мұрасы жайлы жан-жақты есті естеліктерімен бөлісті.

    Қазақ халқы «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дегенді текке айтпаған. Өңір руханиятының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагер журналистің жүріп өткен жолы кейінгі буын жастар үшін таусылмас өнеге десек те болады. Жастар Баттал Жанабайұлының есімін ешқашан ұмытпауға тиіс.

 

Яндекс.Метрика