Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Отбасы - ұлағат ұясы» тренинг

   Кітапхана 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай тұрмыстың тауқыметін тартқан отбасыларды қолдау мақсатында құрылған “АНА ҮЙІ” қоғамдық қорында  «Отбасы - ұлағат ұясы» тренинг ұйымдастырды.

   Тренингке Өрлеу кәсіби даму институты, педагог Қарынбаева Сағадат Мейрамбайқызы, Тараз қаласы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Абдразакова Надира, Жамбыл облысы тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы мекеме заңгері Биғабылова Айдана Сатылғанқызы және осы орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Жунусова Салтанат Сарсембиевна, психолог Усербаева Айгерім Талғатқызы қатысты.

   Отбасы - шағын мемлекет. Тренинг барысында жас аналарға ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасы, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, балалар өмірінде аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін туралы дәріс оқылды. Сонымен қатар, отбасы болудың ондағы әйел адамының маңызды міндеттері мен қадамдары туралы әңгіме өрбіді.

   Соңында осы орталықта өсіп жатқан бір бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, кітапханашылардың орындауында көңілді мерекелік әндермен аяқталды.

 

 

Яндекс.Метрика