Кітапханада «Газет - қоғамның жаршысы» ақпарат айдарын ұйымдастырды. Кешке арнайы Қазақстан Республикасы журналистикасының қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, ақпарат саласының үздігі, ардагер журналист Ақылжан Мамытов, «Ақ жол» газетінің ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Тұрсынхан Толқынбайұлы, ардагер журналист Болат Жапаров шақырылды.
Қонақтар мерзімді басылымдар - ақпарат алмасу қажеттілігі адам тіршілігінің ажырамас бөлігі, сауаттылық пен эстетиканың жаршысы ұлттық таным-тәрбиенің насихатшысы, елдік пен ерлік жаршысы, қоғам тынысының таразысы, өскелең ұрпақ үшін аса құнды рухани дүние, газет-журналдар өз заманына байланысты мемлекеттің күшті идеологиялық құралына айналығаны, баспасөздің жалпы адамзат тарихында алатын орны айрықша, ол халықтың рухани-мәдени өмірінің айнасы екенін жан-жақты жиналған жастарға жеткізіп, газет оқу - зиялылықтың белгісі екенін алға тартты.
Іс-шара барысында қатысушылар ақын-журналист, облыс баспасөзінің қара шаңырағы «Аqjol» газетінде тілші болып қызмет атқарған, «Сағыныш саздары» мен «Ауылым - алтын ұям» кітаптарының авторы Гауһар Жаналханқызы Адамбаеваны еске алып, ақын-журналистің өлең-жырға, терме-әнге құмар болып, мектепте жүргенде-ақ, қабырға газетіне өлеңдер жазып, ақындығы болғандығы туралы да әңгімеледі.