Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

ТАРИХИ ДЕРЕКНАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

   Кітапхана қазақ мифологиясына тыңнан түрен салып, ауылда арбаға таңылып жатып, әлемдік деңгейде ғылыми тұжырымдар жасаған, адамзат дамуындағы мифологиялық таным-түсініктің көкжиегін кеңейткен Серікбол Қондыбайдың өмірбаяны, зерттеу еңбектері туралы кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Талантты ғалым Серікбол Қондыбай» тақырыбында онлайн тарихи дерекнама ұйымдастырды.

  Ғалымның әр жылдары жарық көріп, оқырмандардың, ғалымдардың қызығушылығын тудырып, қолдауына ие болған «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары», «Маңғыстау географиясы», «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі», «Есен-қазақ», «Маңғыстаунама», «Жауынгерлік рух кітабы», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Эстетика ландшафтов Мангистау» сынды ғылыми еңбектері оқырман назарына ұсынылды.

Яндекс.Метрика