Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Балалар күнделігінің жаршысы» сұхбаттасу кеші өтті

   Кітапханада журналист, балалар жазушы, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, «AQ JOL»  газетінде жауапты хатшы Марат Құлибайұлына арналған «Балалар күнделігінің жаршысы» тақырыбында сұхбаттасу кеші өтті.

   Қаламгерлігі ерекше, жазудағы өзіндік стилімен танылған, балалар әдебиетінің қаламгері Марат Құлибайұлының өмірлік және шығармашылық жолдарымен кітапхана оқырмандарын жан-жақты таныстыру, жастарды жазушымен жүздестіру арқылы  туындыларын  оқуға шақыру, баулу мақсатын көздеген кітапханашылар іс-шараға арнайы жергілікті зиялы қауым өкілдері мен жазушының қаламдас әріптестері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, айтыскер-ақын, журналист Есет Досалы, ақын, белгілі журналист, «AQ JOL» облыстық газетінің тілшісі Қамар Қарасаева қатысып, қонақтар қаламгердің жалпы өңірдің ақпарат саласының дамуына, қазіргі таңда облыстық газеттің қара шаңырағында жемісті еңбек етіп келе жатқаны жайында сыр шертіп, балаларға арнап жазылған кітаптарындағы шығармаларды талдап, түрлі пікірлер айтылды.

   Кеш соңында Марат Құлибайұлы өзінің «Апамның аялы алақаны» және «Мейірім» кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.

Яндекс.Метрика