Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғұлама» Дулати оқулары

   Көрнекті мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, ұлы ойшыл, ғалым М.Х.Дулатидың 520 жыл мерейтойына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетіндегі «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығында «Есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғұлама» Дулати оқулары өтті.

   Кеште «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы ғалымның тағылымды өмірінен, тарихтан сыр шертіп білімгерлерге тереңінен түсіндіріп, жеке-жеке шығармаларына тоқталып, жастарға мәнін ашып түсіндірді.

   Кешке кітапхана қызметкерлері мен М.Х.Дулати университетінің білімгерлері қатысты.

Яндекс.Метрика