Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Әкедей тірек табылмас, әкесіз жүрек қағылмас» ой-толғау кеші

   Kітапхана маусымның үшінші жексенбісі – Әкелер күніне орай, бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкенің қамқорлығы, алар орнының маңыздылығын оқырмандарға жете түсіндіру, жастардың санасына әке - нұрға бөленген мейірлі, мейірімді, тірек, пана, жол көрсетер шың екенін сіңіру, ұрпақтар сабақтастығының нығаюына үлес қосу, отбасылық тәрбие дәстүрлерін дамытуға атсалысу мақсатында «Әкедей тірек табылмас, әкесіз жүрек қағылмас» ой-толғау кешін ұйымдастырды.

   Кеш барысында бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкелердің қамқорлығы талқыланып, әр шаңырақта әкенің орны ерекше, әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы, оның мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екені әңгіме болды.

   Әке болу - бұл үлкен жауапкершілік, бұл тек атақ емес, бұл - өмір бойы жүргізілетін міндет екенін атап өткен кештің арнайы қонақтары – «AULIEATA - MEDIA» холдингінің бас директоры, ҚР журналистиер одағының мүшесі Данияр Асқарұлы, Жамбыл облысы «Жекпе-жек» федерациясының президенті  Нұрсұлтан Әлімқұлов, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпарациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, Жуалы аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы, Жуалы аудандық мәслихат депутаты Ермек Абдиваитов, ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Нұржан Қадырәлі, кітапханашылардың ұсынған бірнеше шарттарын орындап, Қамқор әке, Мейірімді әке, Талантты әке және Үлгілі әке атақтарына ие болды.

Яндекс.Метрика