23 маусым - Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Дәстүрден тағылым» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Байқауға 5 команда - Сарысу, Талас, Шу аудандары мемлекеттік қызметшілерінің құрама командалары мен ҚР Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлері қатысты.
Байқаудың әділқазылар алқасына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шамелұлы Шарипов төрелік етіп, мүшелігінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Оралхан Абдрашулы Даутов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы Абдинова болды.