Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Нашақорлыққа жол бермейік!» акция

   Бүгін кітапхана және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен 26-маусым – Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күніне орай «Нашақорлыққа жол бермейік!» тақырыбында акция өтті.

   Акция аясында кітапхана қызметкерлері мен «Қазақстан студенттері Альянсының» еріктілері саябақтағы жастарға, ашық алаңқайдағы қала тұрғындарына нашақорлық қандай дерт, нашақорлықпен қалай күресу керек, салауатты өмір салтын ұстану  жайлы ақпараттарға толы буклеттерді таратты. Есірткіге деген жастардың көзқарасы жайлы кішігірім сұрақтар қойып, сұхбат жүргізіп, халықтың ойын тыңдады.

Яндекс.Метрика