Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапхана жүйесімен бірлесіп ұйымдастыруымен 10 тамыз - ұлт руханиятының темірқазығы Абай күні қарсаңында кемеңгер, ойшылдың ескерткіші жанында «Ұлы даланың дара данышпаны: Ұлы ақын әлемі» кемеңгерлік сағатын өткізді.
Абай рухына тағзым ету, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру, өлеңдері мен қарасөздері арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ақын, сазгер Битенова Үміт Қыранқызы, ҚР ІІМ Жамбыл облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» 1-ші полиция батальонының полицейі полиция аға сержанты Райымбек Мейірхан Нағашбекұлы, «Дарын»лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы, Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тілегенова Бақыт Тоқсанбайқызы және Жамбыл облыстық мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кітапхана жастары Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдерін оқыса К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонясының әншілері «Желсіз түнде жарық-ай», «Айттым сәлем қаламқас», «Сегіз аяқ» әндері мен «Май түні» күйін асқан шеберлікпен орындады.