Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «АТА ЗАҢ - ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЕҢСЕСІ» кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Ата Заң - елдігіміздің еңсесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

  Кітапханашы Тоқтағұлова Марал кітап көрмесіндегі Конституцияға байланысты 10 томдық «Қазақтың Ата Заңдары», «Ата заң –мемлекет дамуының іргетасы», үш тілде жазылған «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Е.Шаймерденовтың «Елтаным», «Қазақстан Елтаңбасы» және тағы да басқа көптеген кітаптарды Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері мен барша оқырман қауымға таныстырды.

  Сонымен қатар іс-шара барасында кітапханашы қыздар ақындарымыздың елге, туған жерге арналған патриоттық өлеңдерін оқыса, Шакенова Анел «Қазағымсың», «Туған жер» әнін, Абдраимова Алтынай «Тәуелсіздік толғауы», «Жаса қазағым» әнін орындап, көрермендердің патриоттық сезімін жандырды.

  Іс-шара сонында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.Киргизбаев кітапхана басшысы Абдинова Эльмира Елеусізқызын Конституция күнімен құттықтап, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Яндекс.Метрика