Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Кітапханада Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заң -Тәуелсіздігіміздің тұғыры» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.

      Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің профессоры, «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, институт қызметкерлері, қоғам өкілдері қатысып, құқықтық, демократиялық мемлекеттің қалыптасу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі жайлы айтылып, Ата Заңның тарихы туралы кітапханашылардың дайындаған кітап көрмесі таныстырылып, патриоттық әндер шырқалды.

Яндекс.Метрика