«Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында «Әдеби сеніміне селкеу түсірмеген жазушы, аптал азамат» иесі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің жеңімпазы, жазушы Несіпбек Дәутайұлына арналған ой талқы кеші өтті.
Әдебиетіміздің тереңге тамыр жайған мол қазынасына қайталанбас туындыларды қосқан ерекше көзқарастағы жазушының тектілігі мен қабілеті, халыққа ортақ қазына ретінде сақталған бай мұрасы туралы жергілікті зиялы қауым өкілдері, үзеңгілестері мен шәкірттері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі ардагер журналист Бекет Момынқұл, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, облыстық «Aq jol» газетінің бас редақторы, ақын, журналист Хамит Есаман Ерболатұлы, Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты, ақпарат саласының үздігі, журналист Оралхан Дәуіт, «Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер» орталығының директоры Ахметжан Өзбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика және филология кафедрасының аға оқытушысы Бақытжан Мақашев, ақын, журналист Нұржан Қадірәлі, жазушы, журналист Ардақ Үсейінова, Жамбыл облыстық «AR-AI» газетінің тілшісі Жақсылық Арайлы жазушының жалпы кемелдікке толы өмірі мен шығармашылығына тоқталып, тебіреністі, толғанысқа толы ерекше естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде шәкірті Нұржан Қадірәлі жазушының өмірден өткен сәтінде қаламынан туған өз шығармасын оқып, көрген тәлім-тәрбие, ағалық жанашырлығы жайында сыр шертті.