Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-руханият тірегі» кездесу өткізді.
Кездесуге «Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орифов Макхам Джуманазарович, Жамбыл облысы «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Меңдібаев Абзалбек Ахметұлы, Жастар ресурстық орталығының директор орынбасары Каленова Ұлжан Медербекқызы қатысып, көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуал, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу және еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы айтылды.