Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Алматы Ақшамы» газетінің фототілшісі Құсайынов Самат Серікбайұлына арналған «Өмір шындығын фотоөнерімен өрнектеген» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.


    Кітапханада Сарысу ауданының тумасы, Қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, «Алматы Ақшамы» газетінің фототілшісі Құсайынов Самат Серікбайұлына арналған «Өмір шындығын фотоөнерімен өрнектеген» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.
     Кездесуге Алатау баурайындағы ару қала Алматыдан және ел ордасы Астанадан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Нұржан Қуантай, «Alatau aqparat» ЖШС бас директоры Ержан Қалымбайұлы, Журналист Айнабай Мади, «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының жетекшісі Айдар Қырықбайұлы, сонымен қатар Жамбыл өңірінен Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық ардагерлеріне арналған «Ғұмыр-Дария» газетінің директоры бас редакторы Жаңабай Миллионов, «AULIEATA-MEDIA» ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлы, Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Сарысу және Мойынқұм аударының әкімі қызметін атқарған белгілі азамат Болат Асқарәліұлы Мәдікенов, Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі әкімі Жандарбек Бекболатұлы Смағұлов, , Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бекнұр Мейрамбайұлы Сатыбалдиев, Жамбыл облыстық «ARAІ» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Болатұлы Қартабай қатысып, бүгінде елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге дейін таныс болған жерлесіміз фототілші, кәсіби фотогроф, халықаралық, республикалық байқауларға творчестволық еңбектерін ұсынып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген Құсайынов Самат Серікбайұлының өмірі мен еңбек жолдарына тоқталып, өңір жұртшылығы мен кітапхана оқырмандары қырағы фотографтың тақырыпқа сай фото көрмесімен танысып, фотолары арқылы оқырмандар фототілшінің өмірі мен шығармашылығымен жан-жақты танысты. Жастардың эстетикалық талғамын жоғарлатып, рухани дамуына септігін тигізді. Жас ұрпақ эстетикалық тәрбие болмысындағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды үйреніп, бойындағы көркем-эстетикалық мәдениет пен сезімі, талғамы қалыптасады.

Яндекс.Метрика