Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Жыр нөсерін жіберсем құйып, құйып...» әдеби артбук кеші ұйымдастырылды.

    Кітапханада ақын, сазгер Бауыржан Үсеновке арналған «Жыр нөсерін жіберсем құйып, құйып...» әдеби артбук кеші ұйымдастырылды.
Жалғанның жарығында аз ғұмыр кешсе де, шығармашылығы оқырман жүрегінен ойып орын алған, қазақ өлеңінің көгіне өзіндік үнімен із қалдырған Бауыржан Үсенов жайлы көрген замандастары, курстастары, қаламгер әріптестері, журналистер Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі  Амангелді Әбіл, Республикалық «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы Ғалым Қасабай, Журналист Шоқан Сыздықұлы, Облыстық «Әулиеата» газетінің бас редакторы Қуаныш Сабырұлы, ақын, журналист Нұржан Қадірәлі, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Есен Өтеулиев, «AULIEATA-MEDIA» цифрлық контент орталығының жетекшісі Нұрсұлтан Рахымбай қатысып, ақынның тағдырлы туындылары туралы жан жақты әңгімелеп, өлеңдерін оқыды.
    Кеш барысында асылдың сынығы, ұлы Мұхамедсалық Үсенов әкесі жайлы тебіреністі, толғанысқа толы ерекше естеліктерімен бөліссе, туған бауыры Біржан Үсенов сазгер әндерін әуелете шырқады. Шығармашылыққа толы іс-шара соңы, ақынның келіні Арайлы Жақсылық кітапхана ұжымы мен кеш қонақтарына ыстық лебізін білдірді.

Яндекс.Метрика