Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Ерман Әбдиев Жамбыл облысы мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Қайта жаңғырған тарих: зұлмат жылдар халық жадынан өшпейді» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Зиялы қауым қатысқан жиында қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Ерман Қанжанұлы негізсіз қудалауға түскен дәстүрлі дін өкілдері мен жетім балалар жөнінде зерделеу жұмыстарын баяндап берді.