Кітапханада18 қазан - ҚР Рухани келісім күніне орай «Дін және зайырлы қоғам» тақырыбында дінтану сабағы өтті.
Дінтану сағатына Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Сейтқали Әбдіқадыр Давидұлы қатысып, қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, жастардың діни сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандарына рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екендігін тілге тиек ете отырып, жастарды жат ағымның жетегінде кетпей, тек сенімді ақпараттарға сену керектігін жеткізді.