Кітапханада «Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында ойталқы өтті.
Іс-шараның мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесуге облыстық «Әзірет әли» мешітінің имамы Есет Тұрдыбайұлы қатысып, кітапханашылар және кітапхана оқырмандарына жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды.