Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Тұрар - Түркі жұртына ортақ тұлға» memory watch еркін тақырыптағы көрсетілімді іс-шарасын канвент қатысушылары мен қонақтар назарына ұсынды. Сонымен қатар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай облыс кітапханалары арасында ұйымдастырылған «Туы биік, тұғыры берік - Жамбыл елі» өлкетану оқуларын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Нәтижесінде Т.Рысқұлов аудандық кітапхана жүйесі байқаудың бас жүлдесін иеленді.
Ал, жүлделі І орынды Меркі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, II орынды Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, III орынды Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне бұйырды.
. Одан әрі байқауға қатысып, белсенділік танытқан Байзақ, Жуалы, Шу аудандық кітапхана жүйелеріне арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.