Кітапхананың ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Ер Шона» кітабының таныстырылымы өтті.
Аталмыш кітаптың тұсаукесері жуырда Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай өткен республикалық ғылыми-практикалық конференциясында өтті.
Ақын әрі жазушының шығармалары арқылы жастардың әдебиетке деген таным-түсінігін шыңдап, ой-өрістерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға ардагер ұстаз Баймұрат Жақсыбекұлы, №44 Шона Смаханұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жанат Байлиева, Талас ауданы Сейілбек ауылындағы Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Сабыр Ділтайұлы қатысты. Шара барысында №44 мектеп оқушылары ақын шығармаларын оқып, Сейілбек ауылындағы Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектептің 9 сынып оқушысы Іңкәр Сабырқызы ақынға арнауын ұсынды.
Жүргізуші, журналист, публицист Ерман Әбдиев алдағы жылы Шона Смаханұлының бірнеше томдығы жарық көретіндігін тілге тиек етті. Оның танысатырылымы да аталмыш кітапханада ұйымдастырылады.