«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес ашылған. Қорық – мұражайдың негізгі қызметіне тарихи – мәдени мұра объектілеріне жүргізілетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын зерттеу, дәріптеу, қадағалау мен қорғау кіреді.
Мұражай иелігіне Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіштер кіреді. Бұл аймақтың бай әрі ұзақ тарихы бар.
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының "Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің басшысы - Шаизхан Ұлжалғас Шаизханқызы Қазақстанда XI ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткішінің бірі,қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан - Қарахан кесенесінің тарихы жайлы сұхбат берді.