1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден!» тақырыбында наразылық акциясын ұйымдастырды.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының» врач эпидемиолог маманы Досымова Индира Мумарханқызы арнайы келіп, «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің медбике факультетінің 3 курс білімгерлеріне қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстары айтылып, акция барысында кітапшалар таратылып, сондай-ақ білімгерлерден тез дайын болатын ВИЧ сынама тест алынды.