Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы жанынан ашылған «Қаламгерлер» клубы өз жұмысын жалғастыруда. Жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытып, поэзия әлеміндегі дарынды тұлғалардың шығармаларымен таныстыруды көздейтін клубқа ақын Марал Хантөреқызы жетекшілік етеді.
Игі іс-шара Тараз қаласындағы жаңадан ашылған №66 жайлы мектепте жалғасын тауып, «Жарқын жастық –баянды болашақ» тақырыбында мотивациялық кездесу форматында өтті.