Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы. Біздің халқымыздың санасының қалыптасуына, тәрбиелі, саналы ұрпақ болуына осы қыздардың үлесі зор. Осы бағытта кітапхана жанынан ашылған «Қаламгерлер» клубы өз жұмысын жалғастыруда. Кітапхана қызметкері, клуб жетекшісі, ақын Марал Хантөреқызы бүгінде №44 Ш.Смаханұлы атындағы мектепте қонақта болып, «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.