«БҮКІЛ ТҮРКІ ЖҰРТЫНА ОРТАҚ ҒАЛЫМ» ТІЛТАНУ САҒАТЫ
Қоғам қайраткері, тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әбдуәлі Қайдаровқа 100 жыл толуына орай кітапхана қызметерлері Тараз политехникалық колледжінің білімгерлерімен «Бүкіл түркі жұртына ортақ ғалым» тақырыбында тілтану сағатын ұйымдастырды.
Әбдуәли Қайдаровтың түркітану ғылымының дамуына қосқан үлесі зор. Ол лексикология, диалектология, тіл тарихы, этнолингвистика, түркология және алтайтану, тіл саясаты, мемлекеттік тіл мәселелері және т.б. бағыттар бойынша 400-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Есімі ғылымдағы үздік өнегесімен ғана белгілі емес, сонымен қатар, еліміздің рухани-мәдени, саяси-әлеуметтік, қоғамдық өміріне де белсене араласып, бұл салада да азаматтықтың жоғары деңгейінен көріне білген. Кездесу барысында «Қазақ тілі» қоғамының президенті және «Ғылымдағы ғұмыр», «Тіл ғұмыр», «Түркітануға кіріспе», «Қазақ қандай?», «Қазақтар Ана тілі әлемінде» т.б. жинақтары таныстырылып талқыланды.