Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орайкітап көрмесі ұйымдастырылды

Биыл киелі Әулиеата өңірі кітап оқитын өңір болып жарияланды. Игі бастамаға орай, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай жазушының шығармашылығын насихаттау, зерделеу, өңір тұрғындарына паш ету мақсатында «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, қала аумағындағы мекемелер мен оқу орындарына баруды қолға алды.

Алғашқы аталмыш көрме «ТаразКожОбувь» фабрикасында жасақталып, сондағы қызметкерлерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер беріп, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлы туралы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген әдебиеттерді көпшілік назарына ұсынды.

Яндекс.Метрика