Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«КӘСІП – ИГЕРГЕНДІКІ, ЖҰМЫС ЕҢБЕКТЕНГЕНДІКІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МАЙЛЫБАЙ СМАҒҰЛОВТЫҢ 75 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ҚАЛАМЫМЕН ТАУАРИХ ҚАШАҒАН ҚАЛАМГЕР» АРДАГЕР САҒАТЫ ӨТТІ

   Кітапхана жастарға болашақ мамандықты таңдау адамның алдағы өміріне зор ықпалын тигізерін жеткізіп, оларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруге бағытталған «Кәсіп – игергендікі, жұмыс еңбектенгендікі» жобасы аясында ардагер жазушы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Майлыбай Смағұловтың 75 жас мерейтойына орай ардагер сағатын  ұйымдастырды.

   «Қаламымен тауарих қашаған қаламгер» тақырыбындағы іс-шараға мерейтой иесінің жақындары мен өмірдегі етене араласқан достары, қызметтес болған әріптестері және облыстық ақпарат және қоғамдық даму  басқармасы қызметкерлері мен жазушы-журналистер арнайы шақырылды. Олардың қатарында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Шырын Мамасерікова, жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбин, зейнеткер досы Әлменбай Тойланбаев,  Қазақстан ардагерлері «Айырықша тәуекелді ардагерлері мен  мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейтхан Қуантаев және Жамбыл облыстық ардагерлер Кеңесі жанындағы «Мәдениет және жастар ісі» жөніндегі комиссия төрағасы Мұхаметжан Байшонов, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі, комиссия төрағасының орынбасары Исмайл Хаджимуратов болды.

   Іс-шара барысында қонақтар бүкіл санаулы ғұмырын елге қызмет етуге арнап, онымен қоса шығармашылық  жұмысты да бірге жүргізген Майлыбай Смағұловтың шығармашылық жолы туралы сыр шертіп,  жазылған шығармалары, еңбектері, мақалалары туралы пікірлерін айтып, жас ұрпаққа жазушыны танытуда атсалысты.

   Сонымен қатар, кеште арнайы шақырылған Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Жамбыл» триосы мен Сарысу ауданы мәдениет үйінің әншісі Мәди Таутаев бірнеше әндер шырқап, өнер көрсетті.

 

Яндекс.Метрика