21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күніне орай «Көрінеді тілден түйсік, білімде біле білсең жарылқаушы - тіліңде» тақырыбында әдеби жорға (байқау) ұйымдастырылды.
Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Тіл - халықтың тарихы. Тіл - өркениетке барар жол. Ол мәдениет, табиғат, тарих, адамзаттың шығу тегін айқындауға мүмкіндік береді. Барлық тілдерді мойындау және құрметтеу әлемде бейбітшілікті сақтаудың кілті болып табылады. Байқау Тараз қаласының білім бөлімінің №2 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қатысушылар «Жас Қыран», «Культура и наследие», «Бірлік», «Языковой мост» топтарына бөлініп, өз ана тілінде топты таныстыру, қазақ ақын-жазушыларының тақырып аясында бір шумақ өлең оқу, тілге қатысты сұрақ-жауап бөлімі және топтың жеке өнері бойынша бақ сынап, өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ байқауға қазылық еткен тәлімгерлер ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуға шақырды.