Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЕМДЕЛУШІЛЕРІНЕ АРНАП «БІЗ БІРГЕМІЗ, БЕРІК ІРГЕМІЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕЙІРІМДІЛІК КЕШІ ӨТТІ

   20 ақпан - Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының» емделушілеріне арнап «Біз біргеміз, берік іргеміз» тақырыбында мейірімділік кешін ұйымдастырды.

   Іс-шарада кітапханашылар адамзаттың назарын әлеуметтік әділдікке, теңдікке аудару үшін бекітілгенін, әділдік деген адамзат тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұғым екендігін, қазіргі кезде әділдік ұғымы барлық адамдарға теңдей мүмкіндікпен құқық беретін демократиялық қоғамның негізі ретінде қарастырылатындығына тоқталды.

   Кеш барысында кітапханашылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай жазушының шығармашылығын насихаттау, зерделеу, өңір тұрғындарына паш ету мақсатында ұйымдастырылған «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» көшпелі кітап көрмесін бейімдеушілер назарына ұсынып, батырдың еңбектерімен таныстырды.

   Әрі қарай «Ойланайық, пікірлесейік» айдары аясында түрлі сауалдар қойылып, пікір алмасу өтті. Кітапхана қызметкерлерінің  керемет әндеріне көмкерілген кеште орталық бейімдеушілері ортаға биге шығып, көңілдері көтерілді.

Яндекс.Метрика