Кітапхана 1 наурыз –Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының - 30 жылдығына орай «Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Айтулы мерекеге арнайы жергілікті зиялы қауым өкілдері филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер Одақтарының мүшесі Меңдібай Әбілұлы, Қазақстан Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі - Каримова Диляром Тұрсынбайқызы, Тараз қаласы №2 орта мектеп директорының орынбасары Осенняя Вера Михайловна, М.Х.Дулати Тараз университеті Тарих факультетінің 4 курс студенті Әшірхан Құттыбек, Тараз мамандырылған колледж және «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің білім алушылары қатысып, тақырыпқа сай өз пікірлерін, ойларын жеткізді.
Іс-шара соңын кітапхананың әнші қыздары әсем әуенмен тәмәмдап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.