Тараз қаласындағы №2 орта мектебінің ардагер-ұстаздарының қатысуымен «Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» этножәрмеңке өтті.
Этножәрмеңке кешінде ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайтын, әрбір шәкірттің шамшырағы, өміріне жол сілтер темірқазығы болып табылатынын ұлағатты ұстаздарға шексіз құрмет пен алғыс білдіру мақсатында кітапханада Тараз қаласындағы №2 орта мектебінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен мекеме ардагерлері шақырылып, ұлағатты ұстаздарға кітапхананың жас оқырмандары шексіз ризашылық білдірді.
Қалалық ардагерлер кеңесінің білім саласы бойынша тұрақты комиссия мүшесі Ералиева Несібелі Ералықызы, ардагер-ұстаз Омарова Алма Ерғалиқызы, №2 орта мектептің кәсіподақ ұйымының қызметкері Спатова Айнар Амангелдіқызы жастармен еңбек жолдарын еске түсіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Жас ұстаз Шолахова Карлыга Дуйсенбекқызы мен 4-5 сынып оқушылары ұстаздарға ыстық ықыласын өлең жолдарымен жеткізіп, керемет әндер орындап, би билеп керемет көңіл күй сыйлады. Жас ұстаздар ардагерлерге сұрақ қойып, олардың ақыл-кеңестерін тыңдап, білімі мен тәжірибесін толықтырғысы келетінін айтты.
Алғашқы сөзді мектептің кәсіподақ ұйымының мүшесі Спатова Айнар Амангелдіқызы құттықтаумен бастады. №2 орта мектептің жас ұстазы Шолақова Қарлыға Дүйсенбекқызы «Мектебім» әнін шырқады. 4-сынып оқушылары «Алғыс» әнін шырқап, ардагер ұстаздарына арнайы өлеңдерін оқып, «Ана жаным» биін тарту етті. Қалалық Ардагерлер кеңесінің білім саласы бойынша тұрақты комиссия мүшесі Ералиева Несібелі Ералықызы және ардагер ұстаз Омарова Алма Ерғалиқызы жас ұстаздарға алғыстарын айтып, ұстаз болған күндеріндегі естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында оқырман қауым да қазақ еліне деген ыстық ықылас, жылы лебіздерімен бөлісті. Кітапхана қызметкерлері кеште әуезді әндер шырқады.