Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Аз жақсылық жасағанға да – көп рақмет айту парыз» әдеби лейтмотив өтті

    «Аз жақсылық жасағанға да – көп рақмет айту парыз» әдеби лейтмотив кешіне арнайы шақырылған Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері, ақын-жыршы Тазабеков Ертай Ойшыбекұлы, облыстық «Манас-Ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Меңдібаев Абзалбек Ахметұлы, ««Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Калькова Лариса Викторовна, Қазақ студенттері Альянсы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Байпақ Дархан Қуанышұлы Алғыс айту күнінің мәдениетіміздегі алатын орны мен этносаралық мәдениет турасында сөз қозғап, айтулы күнін тойлаудың саяси астарына тоқталды. Қонақтар жастарды мемлекеттік тілімізді ұлықтауға шақырып, барша жиналған қауымды осы мерекемен құттықтады.

   "Қарақат" мектеп студиясының "Баян сұлу" би ансамбльінің бүлдіршіндері Украин биімен іс-шараның сәнін келтірді. 

   Іс-шара соңында кітапханашылар әсем ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Яндекс.Метрика