Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Наурыз мерекесіне орай кітапханада «Елдің күштілігі - халықтың бірлігінде» тақырыбында Түрік халқының мәдениетімен танысу өтті

   ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КІТАПХАНАДА «ЕЛДІҢ КҮШТІЛІГІ - ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮРІК ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІМЕН ТАНЫСУ ӨТТІ.

   Қазақ елінің біртұтастығы, қонақжай, жаны дархан қазақ халқы бір шаңырақтың астында қаншама ұлт өкілдерін айрандай ұйытып, тату-тәтті өмір сүруі - күллі әлемге үлгі өнеге боларлықтай көрсеткіш. Бізбен біте қайнасып өмір сүріп жатқан түрік халқының мәдениетін танып, біліп, жастардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен татулығын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған кешке Стамбұлдық түрік ақыны Моллахасан Нурие ханым, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің білімгерлері  Багбанова Тутия, Айдинова Гульжамал, Бешли-оглы Рафет қатысып, бауырлас түрік халқы жайлы толық таныстырып, әнін шырқап, биін билеп, түрік тілінде де жыр шумақтарын ақтарды.

Яндекс.Метрика