Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Наурыз мерекесіне орай «Айналайын, Наурызым, нұрлы көктем..» этно думан кеші өтті

   Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай кітапхана «Айналайын, Наурызым, нұрлы көктем..» этно думан кеші өткізді.

   Қазақ халқының мәдени мұрасын ұлықтауға, көктемнің келуімен бірге табиғаттың жаңаруын атап өтуге және ұлттық дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге арналған мерекелік кешті Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының «Жамбыл триосы» әсем әнмен шымылдығын түрді.

   «Қариясын «қазынам», ұлын «ұрпақ жалғастырарым», қызын «өрісімді кеңейтерім» деп білген халқымыз үшін әр салт-дәстүрдің орны ерекше болған. Әрі қарай дүниеге келген сәтінен бастап сәбиін елі мен жерін сүюге, халқының мұрасын қастерлеуге тәрбиелейтін асыл дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында «Тұсау кесер» рәсімін жасады. Өмірге талпыныс жасап тәй-тәй басқан бүлдіршіннің қадамы сәтті болсын деген үмітпен мерекелік кеште жөн-жоралғыларын жасап, баланың тұсауын кесіп, ақ матамен жетектеп жүгіртіп, шашу шашылды.

   Жиын соңында қонақтар Наурыз меркесімен құттықттықтап, бір-біріне жақсылық тілеп, кітапханашы қыздар Наурыз, көктем жайлы әндер шырқады.

Яндекс.Метрика