Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Наурыз мерекесіне орай орталық алаңында кітапхана ұжымы «Батагөйлер» киіз үйін жабдықтады

   Бата – тәлім-тәрбиелік мәні айрықша, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып келе жатқан мұра. Ал осындай құнды мұраны сақтап,  дәріптеу ұрпақ тәрбиесінде өте маңызды.  

  Осы орайда Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай    орталық алаңында  кітапхана ұжымы жабдықтаған  «Батагөйлер»  киіз үйінде  Наурыз мерекесін атап өтті.  Мерекелік дастархан жайылып, басты тағам болып «Наурыз көже» ұлттық тағамы дайындалды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев қонақта болып, Батагөйлер үйінің қариялары Сәрсенбай Мыңбаев, Рысбаев Орынбай, Жұмабек Талғат  өз баталарын бере отырып, Наурыз мейрамымен құттықтады.

Яндекс.Метрика