Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР» ҚҰРМЕТ КЕШІ

  Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан үшін тылда еңбек еткен ардагерлерге көрсетілетін құрмет - бүгінгі буынның парызы мен адамгершілік борышы.

  Осыған орай, кітапхана 9 мамыр  - Жеңіс күніне орай  «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты құрмет кешін ұйымдастырды.

  Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 80 жыл.

  Мерекелік кешке I дәрежелі ұшқыш майор, МИ-8мт тікұшақ командирі Батырбек Рысқұлов, Дүкенбай Ермеков, Сейтхан Қуантаев, Қайрадин Абдуллаев сынды құрметті меймандармен қатар, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақжар ауылының 40336 әскери бөлімі, Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі, Жамбыл облысы бойынша департаменті шекара қызметінің сарбаздары қатысып, елдің тыныштығын, өткеннің өнегесін, болашақ ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін айрықша атап өтті. Жас ұрпаққа аманат етілген осы рухани мұра - ерлік пен елдікке бастар темірқазық екенін жеткізді.

  Кеш барсында соғыс жылдарынан естелік болып қалған жүрек тербетер әндер шырқалып, Тараз қаласы №2 орта мектеп оқушылары Жеңіс күніне арналған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Шабыт» үйірме орталығының бүлдіршіндерінің өнерлері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

            

Яндекс.Метрика