Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«АЗАМАТ. ҚАЛАМГЕР. ТҰЛҒА» КӨРКЕМ ОЙ КЕШІ


    «Жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» ордені мен «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әбдуатұлы Әлімжанның 80 жас мерейтойына орай «Азамат. Қаламгер. Тұлға» көркем ой кеші ұйымдастырылды.
    А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрының актерлері «Абылай ханның арманы» атты театрландырылған көрінісін көрсетсе, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Гүлшат Тінәсілова Елен Әлімжанның «Жарыма» әнін тарту етті.
   Кеш қонақтары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Т.Мұқашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиеттанушы Б.Мақашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің, Журналистика және филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Нусупова, театртанушы А.Қадіралиева, «Дарын» мектебінің қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Б.Рыспайұлы, Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жас қаламгер Е.Нұрлановтар Елен Әбдуатұлы Әлімжанның шығармашылығы туралы айтып, кітаптарына шолу жасады.

    
 

Яндекс.Метрика