Кітапханада Маусымның үшінші жексенбісі - Әкелер күні мерекесіне орай «Отбасы – бақыт мекені» кітапханалық жоба аясында «Әкем менің айбынды асқар тауым...» әдеби подиум өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уәлихан Болатбекұлы; Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы және әкелер кеңесі төрағасының орынбасары Ильясов Қонысбай Қуандықұлы, белгілі айтыскер-ақын Ербол Қамбатыров және ұлдары - Жасұлан мен Бағлан, айтыскер ақын, журналист Есет Досалы және қыздары Інжу және Айша, облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскері, психолог-маманы Шерметова Жұлдыз Муратовна қатысты.
Бала тәрбиесі әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді талқылай келе, әкенің алар орнының маңыздылығын жете түсіндірді, жастардың санасына әке - нұрға бөленген мейірлі, мейірімді, тірек, пана, жол көрсетер шың екенін тілге тиек етті. Әңгіме ұрпақтар сабақтастығының нығаюына үлес қосу, отбасылық тәрбие дәстүрлерін дамытуға атсалысу жайында өрбіді. Жұлдыз Мұратқызы тренинг өткізіп, Ербол Қамбатыровтың ұлдары Жасұлан мен Бағлан кезінде ата-анасы жазған әнін орындады.