Кітапхана оқырмандарының арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Міндетіміз ортақ - жемқорлықсыз болашақ» ақпарат орбитасы өтті.
Іс-шараға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс «Республикалық қоғамдық бірлестігі» филиалының төрағасы Төлендиев Қасымхан Естемесұлы, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары Алимкулова Ақерке Нұрланқызы мен Дархан Байпақ қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе мен тиімді тәсілдер талқыланды. Жастар арасында құқықтық сауаттылық пен адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңызы атап өтілді.