Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында іс-шара өтті.
Бұл бастама 100 кітап сауалнамасын қолдау идеясын ілгерілетіп, жас оқырмандардың арасында кітап алмасу дәстүрін жандандыруды көздейді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері кітаптың адам өміріндегі орны, оқудың пайдасы туралы әсерлі ойларымен бөлісті.
Викториналық сұрақтар қойылып, белсенді қатысушыларға қызықты кітаптар сыйлыққа берілді.
