Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ШЫРҚАЛА БЕРСІН, ШӘМШІ ӘНІ!» АТТЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ

   «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында»  «Қазақ вальсінің королі» атанған көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Шырқала берсін, Шәмші әні!» атты ән кеші өтті.

 Шәмші Қалдаяқов – 300 ге жуық әннің авторы, олар тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең, отан, туған жер, махаббат сынды құнды дүниелерге арналады

  Әндері:

 Лирикалық: «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған» және т.б.

 Марштық, қуанышқа толған: «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу»

 Басқа да көпшілікке танымал шығармалары: «Қуаныш вальсі», «Қайықта», «Қыз сағынышы», «Әнім сен едің»

 Ең таңдаулы әні «Менің Қазақстаным» 2005 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранына айналды.

 Кеш барысында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындады.

 

Яндекс.Метрика