Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінде қызмет ететін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының мақтанышы" кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, оның рухани мұрасын оқырман қауымға таныту және ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Бұл көрме оқырмандардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің асыл қазынасын терең түсінуге жол ашады.
Абай Құнанбайұлы – тек қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың рухани ұстазы.