Кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тұлға – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың естелік эсселерінен құралған «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабына арналған «Тарихтың төріндегі тұлға» ой талқы кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы филология ғылымының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев шақырылды.
Қонақтар тұлғаның тағылымды ғұмырынан өнеге алып, оны бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып, болашаққа бағыт-бағдар жасау қажеттігін атап өтті. Жиын аясында көрнекті тұлғаға арналған кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
Ой талқыға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5513 әскери бөлімі және ҚР Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының сарбаздары қатысты. Олар шара барысында тың деректермен танысып, тарихи тұлғаның елге қызмет ету жолындағы қайраткерлік болмысынан тағылым алды.