Кітапхана Жамбыл облысы тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, тірісінде аты аңызға айналған қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы, ерліктің ерен үлгісі Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың батыр ұлы -Бауыржан » атты Бауыржантану сағатын ұйымдастырды.