Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Құндылық кілті – келісім мен татулық» Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы айлығы аясында маңызды кездесу өтті

18 қазан – Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне орай, «Құндылық кілті – келісім мен татулық» атты кездесу ұйымдастырылып, оған Жамбыл облыстық діни басқармасы мамандары қатысты.

     Кездесу барысында қоғамдағы рухани тұрақтылық, дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық тақырыптары кеңінен қозғалды. Мамандар діннің адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы орны, жастар тәрбиесіндегі маңызы және діни сауаттылықты арттыру жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.

      Іс-шараның басты мақсаты – ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді нығайту, қоғамда толерантты көзқарасты қалыптастыру және әртүрлі дін өкілдері арасындағы өзара құрметті арттыру болып табылады.

     Кездесу қатысушылары бір ауыздан: рухани келісім – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі деген тұжырымға келіп, осындай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

 

   

Яндекс.Метрика