Кітапхана қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Шоқан асулары» кітапханалық жобасы аясында қазақтың әр алуан көкжиегінде өшпес із қалдырған жарық жұлдызы, талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы - географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз» Шоқан асулары тақырыбында мазмұнды шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын жастарға насихаттау, тарихи тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін кеңінен таныту.
Шара барысында студенттер Шоқанның ғылымдағы ізін, зерттеушілік қырын танып, тарихи саналарын тереңдете түсті.
